қазақша · русский · english
 
 
 
06.10.2020

«Тіл-халық бірлігінің көпірі» онлайн-дарындылар байқауы

 

2020 жылдың 3 қазанында Тілдер күніне арналған «Тіл-халық бірлігінің көпірі» онлайн-дарындылар байқауының үздік қатысушыларына дипломдар мен алғыс хаттар табысталды.

 

Қазақ Технология және Бизнес университетінің ұйымдастыруымен Тілдер күніне арналған «Тіл-халық бірлігінің көпірі» атты таланттар онлайн - байқауы өтті. Осы іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың, Тарих және құқық институты «Дінтану» мамандығының араб тілінде өлең оқыған 2 курс студенті Сатенова Аружан 1-ші орын (жетекшісі Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Абдрахнова К.Х.), Филология және көптіліді білім беру институты, «Шетел филологиясы (қытай тілі)» мамандығының 1 курс студенті Ямалетдинова Александра қытай тілінде «朋友» әнін айтып 3-ші орын (жетекшісі магистр, Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының аға оқытушысы Алмабекова А.М.), «Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын және түрік тілдері)» мамандығының 3 курс студенті Абдусаттарова Углай түрік тілінде Şeyh Edebali «Üzülürsün» шығармасын оқумен (жетекшісі магистр, Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының аға оқытушысы Сәтбай Г.Қ.) қатысып, 3-ші орын алды. Қатысып, орын алған студенттерге дипломдар табысталды. Аталмыш іс-шараға белсене қатысқаны үшін Тарих және құқық институты, «Дінтану» мамандығының 2 курс студенті араб тілінде өлең оқып Қалиақпар Айша алғыс хатпен марапатталды (жетекшісі Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының ф.ғ.к.,аға оқытушы Кансейтова Э.Ж.).

 

      

 

      




Кері оралу