қазақша · русский · english
 
 
 
09.12.2020

«Аударма ісі: аударманың өзекті мәселелері» секциясы бойынша

студенттердің «Жастар ғылымы: дәстүр, даму және инновация» конференциясы

 

2020 жылдың 7 желтоқсанда университеттің ұйымдастырумен «Жастар ғылымы: дәстүр, даму және инновация» тақырыбындағы студенттердің дәстүрлі 75-ші ғылыми онлайн-конференциясы өтті. Конференция бағдарлмасына сәйкес пленарлық мәжілістен соң, «Аударма ісі: аударманың өзекті мәселелері» секциясы бойынша отырысы өткізілді.

 

Секция төрағасы шығыс филологиясы және аударма кафедрасының профессоры Жұмабекова Айгүл Қазкенқызы конференцияның секция отырысын ашып берді. Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы (кафедра меңгерушісі Абдрахманова К.Х., аға оқытушылары Көпбаева С.М., Шеңгелбаева Н.Р., Бекқожанова Г.Қ.,Ибрагимова К.К., оқытушылар Ислямова Ұ., Нуржанова А.,) «Аударма ісі» мамандығының 1 және 2 курс магистранттары (Ташай Т.Б., Хамраева С.Т., Адильбекова А.К., Калиева Т.Р., Есбулатова З.С., Абдрасил Н.С., Насибуллина З., Қайырбекова Ә., Балтара А., Тусупова Ж., Тлендиев А., Мырзағазы Г., Кусаинова А., Исахан С.), 1-3 курс студенттері (Әжiхан К., Бимырзаев А., Омарова Э., Сапаргельдиев А., Кажимурат А., Сәрсен А., Хашимова Д., Цой Д., Арқабаева А., Жамал Қ., Құралай А., Нәзира Т., Касымжанова А.) қатысты. Магистранттар мен студенттер өз мақалалары бойынша дайындаған презентациясы мен баяндамаларын жоғары деңгейде қорғап, өз білімдерін көрсете алды.

 

Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде жасалған баяндамалар қызықты және құнды ақпаратқа толы болды. Таңдалған тақырыптар аударматану саласының қазіргі таңдағы өзекті мәселелеріне арналды. Атап айтқанда: Абай шығармаларының неміс тіліне аударылу мәселесі, туристік дискурстың зерттелуі, ағылшын эфемизмдерінің қазақ тіліне аударылуы, аударма қателерін топтастыру мәселесі, этно-мәдени лексикалардың аударылуы және тағы да көптеген мәселелер аясында баяндамалар оқылды. Қатысушылар ғылыми жетекшілерімен біріге отырып жасаған зерттеулері нәтижесін талдаған мысалдарымен бекітті. Әр баяндамашыдан соң оқытушылар мен қатысушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, қызықты пікір алмасу жүргізілді. Конференциясы отырысы достық жағдайында қызықты өтті. Студенттер мен магистранттар өзара танысып, әрі қарай бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнататын болады.

 

Секция отырысы қорытындысында оқытушылар Бекқожанова Г.Қ және Ибрагимова К.К., магистранттар Есбулатова З., Абдрасил Н. және Мырзағазы Г. өз алған әсерлерімен бөлісті. Секция төрағасы Айгүл Жұмабекова алдын ала белгіленген критерийлерге сәйкес жүлделі орындарға ие болған қатысушыларды жариялады. Жүлделі ІІІ орынға 1 курс магистранты Балтағара Арай, 1 курс суденті Хашимова Диана, 2 курс студенті Ажихан Қаракөз, 2 курс студенті Омарова Элвира ие болды. Жүлделі ІІ орынға 1 курс магистранты Тлендиев Ардақ және 2 курс студенті Арқабаева Айсұлу ие болды. 2 курс магистранты Есбулатова Зарина барлық қатысушылар арасынан үздік атанып, жүлделі І орынға ие болды. Өз белсенділігімен ерекше көзге түскен 2 курс магистранты Абдрасил Наурызбай, 2 курс студенті Төрехан Назира және 2 курс студенті Бимырзаев Асылжан алғыс хатпен марапатталды.

 

Ұйымдастырушыларға, оқытушылар мен қатысушыларға өз алғысымызды білдіреміз. Конфереренция жоғары деңгейде өткізілді!

 

   

 

   




Кері оралу