қазақша · русский · english
 
 
 
11.12.2020

«Жас аудармашы» конкурсы

 

2020 жылдың 9 желтоқсанында «Аударма бөлімі» 2 курс магистранттар - Ташай Таңшолпан, Хамраева Сахибам, Адильбекова Айдын, Калиева Таншолпан, Есбулатова Зарина, Абдрасил Наурызбай профессор А.Қ. Жұмабекованың жетекшілігімен 1 курс студенттер арасынан «Young translator» («Жас аудармашы») деген конкурс өткізді.

 

Конкурсқа «Аударма бөлімі» 1 курс қазақ-орыс 3 топ студенттер қатысты. Жарыс сұрақ-жауап, аударма түрінде өтті. Алға қойған мақсат - жас аудармашыларды жылдам ойлануға, топта жұмыс жасауға, үш тілде бірге жұмыс жасауды үйрету болды. Студенттер қызыға, белсенді атсалысты. Магистранттар тарапынан сұрақтар, презентация жасалынды, қатысушыларға арнайы электронды кітаптар сыйға тартылып, әр қатысушыға алғыс хат берілді.

 

Конкурс өте қызық өтті. «Аударма бөлімінің» 1 курс студенттер осындай ойындар болашақта да жиірек өткізілсе деген ниет білдірді.

 

   

 

   

 

 

 




Кері оралу