қазақша · русский · english
 
 
 
14.12.2020

Қазақстан Республикасы шетелдіктердің көзімен

 

2020 жылдың 12 желтоқсанында Филология және көптілді білім беру инcтитуты «Аударма ісі» мамандығының оқытушылары осы мамандық студенттері үшін «Қазақстан Республикасы шетелдіктердің көзімен» тақырыбында АҚШ-тан келген тіл үйретуші, қазіргі кезде Алматы қаласындағы жоғары оқу орнының оқытушысы Джастин Лайнмен online-Speaking Club ұйымдастырды.

 

Таныстырудан кейін студенттер тарапынан қонағымызға сұрақтар белсенді түрде қойыла бастады:

- Сіз әлемнің көптеген елдерінде болдыңыз, бірақ неге Қазақстанды таңдап алдыңыз?

- Біздің елге бейімделу үшін сізге қанша уақыт қажет болды және қиын болды ма, өйткені Қазақстанда ағылшын тілін меңгерген адамдар соншалықты көп емес.

- Біздің елімізге келгеннен кейін мәдени шокты бастан кешірдіңіз бе?

- Алматыда біраз уақыттан бері тұрып жатырсыз, жалпы қала халқы туралы сіздің пікіріңіз қандай? - және басқа да сұрақтар.

 

Студенттер Д.Лайнның ана тілі арқылы адам шет тілдерін оқып үйренуіне байланысты мәселелерге және ағылшын тілінен басқа тілдерге аударудың өзіндік ерекшеліктеріне, атап айтқанда: қай елдерде болғанына, қандай шет тілдерін меңгергенін және осы тілдерді үйренуде қандай әдістерді қолданғанына байланысты сұрақтар; IELTS емтихандарын қалай сәтті тапсыруға болады; тіл үйретушінің аудармашы мамандығы туралы пікірі, сонымен қатар тіпті ағылшын тілінің кейбір жекелеген дыбыстардың дыбысталуына да қызығушылық танытты.

 

Профессор А.К.Жұмабекова, ф.ғ.к. Н.Р.Шенгелбаева, аға оқытушылар С.М.Копбаева, магистр К.К.Ибрагимова, магистр оқытушылар Ұ.Ислямова, А.Нұржановалар сияқты «Аудармашы ісі» мамандығының оқытушылары ұйымдастырылған «Speaking Club» шарасының оқу-тәрбиелік мәні зор деп есептейді, сондай-ақ аталған шараның қызықты өтуіне атсалысқан болашақ аудармашы мамандығының студенттеріне, оның ішінде төмендегі студенттерге ерекше алғыс білдіреді:

- Хашимова Диана, Куанишбаева Мерей, Ерназар Нурмухаммед, Тиржанова Алина - 1 курс;

- Бимырзаев Асылжан - 2 курс;

- Мамреева Арайлым, Сауытканова Шырын, Айсаева Диана, Исаева Диляра, Касымжанова Анара - 3 курс.

 

   

 

   




Кері оралу