қазақша · русский · english
 
 
 
26.04.2021

Қазіргі қытай тілін оқып-үйренудің заманауи әдістері

 

2021 жылғы 23 сәуірде Филология және көптілді білім беру институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының аға оқытушылары Раева Арайлым мен Алмабекова Асель «Қазіргі қытай тілін оқып- үйренудің заманауи әдістері» тақырыбында онлайн-семинар өткізді. Халықаралық деңгейде өткізілген іс-шараға Қазақстан, Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Негізгі спикерлер гуманитарлық ғылымдар магистрі, Қазақ-Америка Университетінің жалпы білім беру және гуманитарлық ғылымдар факультетінің профессор ассистенті Жанар Әбдікадырова, Nanjing University of Information Science and technology南京信息工程大学докторанты Шырын Әділ болды.

 

«7М01703 - Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының ағылшын-қытай бөлімінің 1 курс магистранттары да өз баяндамаларын ұсынды. Баяндамалар оқудың түрлі аспектілерін, қытай тілін оқыту әдістемелерін, иероглифика, грамматика, интерактивті әдістерді қамтыды және семинардың барлық қатысушыларына қызықты болды. Ал 安徽师范大学 Anhui Normal Universitу магистранты 张环Zhanghuan қытай тілін ең жылдам үйрену қағидаларымен бөлісті.

 

Ғылыми семинар тиісті деңгейде өтті, оған қатысқан студенттер, магистранттар тілді меңгеру жағынан құнды ақпарат алды. Семинар қонақтары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ PhD Абдраев Н. К., кафедра меңгерушісі Абдрахманова К.Х., кафедра оқытушылары Елемесова Ж. М., Оразова Р. К., Кансейтова Э. Ж., Сатбай Г.К., Коспаганбетова Н.Х. тақырыптың өзектілігін атап өтіп, спикерлерге алғыстарын білдірді.

 

   

 

   

 

 




Кері оралу