қазақша · русский · english
 
 
 
02.09.2021

Бірінші курс студенттеріне арналған Білім күні


Әдеттегідей, Абай атындағы ҚазҰПУ 2021 жылдың бірінші қыркүйегінде бірінші курс студенттеріне арналған білім күні іс-шарасын өткізді. Аталған іс-шара қазіргі карантиндік жағдайға байланысты он-лайн форматта жүргізілді. Университеттің барлық кафедраларымен қатар Филология және көптілді білім беру институтының шығыс филологиясы және аударма кафедрасы да аталған шараға белсене атсалысты. Биылғы оқу жылында біздің кафедраға 150-ден аса талапкер оқуға түсті. Кафедра негізінен шығыс тілдерін және аударма саласын оқытумен айналысатындықтан, осы жылы түрік, араб, қытай тілдерімен қатар корей тіліне де студенттер қабылданды.


Іс-шараға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, жүзге тарта студенттер қатысты. Кафедра ұстаздары студенттерді мерекемен құттықтап, алдағы оқуларына табыс тіледі. Шағын слайд арқылы кафедрамен таныстырылып, таңдаған мамандықтары туралы ақпарат берілді. Белсенді студенттер де жылы тілектерін айтып, курстастарын құттықтады. Акция ұйымдастырушылары студенттер тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап берді. Жалпы, іс-шара мерекелік көңіл-күймен жоғары деңгейде өтті.

 

   

 




Кері оралу