қазақша · русский · english
 
 
 
14.09.2021

Туған тілім - тірлігімнің айғағы

 

«Ана тілің - арың бұл, ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!»

 

Тіл мәселесі туралы сөз қозғағанда осынау шумақтар еріксіз тілге оралатыны анық.

 

Биыл Абай университетіне оқуға түсіп, студент атанып, шет тілдерін меңгеруге құлшына кіріскен балалар үшін осы бір сөздердің ерекше әсері болары сөзсіз. 2021 жылы 13 қыркүйекте Филология және көптілді білім беру инcтитуты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының араб-ағылшын мамандығына түскен 1 курс студенттері аталған тақырыпта тіл мерекесіне байланысты мерекелік іс-шара өткізді. Топ эдвайзері Оразова Раяның ұйымдастыруымен өткен іс-шарада мектеп қабырғасынан енді шыққан жас түлектердің таланттары мен қабілеттері, ынтасы жақсы байқалды. Осы оқу жылындағы кафедрамыз бойынша бірінші курстардың жасаған алғашқы іс-шарасы ұстаздардың да көңілінен шықты. Жүргізушілік қабілет, ән айту, тіл туралы заңнамаларды талдау, ұйымдастыру, тағы басқа да қабілеттерін көрсете білген студенттерге барлығы риза болды. Жалпы, бірнеше тілде сөз сөйлеген жастардың ана тіліне деген, қазақ тіліне деген құрметі анық байқалды. Іс-шара соңында қатысушылар студенттерге өз алғыстарын білдіріп, жақсы үлгі көрсеткендерін атап айтты.

 

   




Кері оралу