қазақша · русский · english
 
 
 
02.11.2021

Магистранттар шетелдік тағылымдамада

 

2021 жылдың 24 қазан - 2 қараша аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология және көптілді білім беру инcтитутының шығыс филологиясы және аударма кафедрасы атынан «7М01703 - Шетел тілі:екі шетел тілі» мамандығы екінші курс манистранттары Түркияның Қыршехир қаласындағы Ахи Евран Университеті Гуманитарлық ғылымдар факультеті, Түрік тілі және әдебиеті кафедрасында халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өту бағдарламасын бастап кетті. Екі кафедра арасындағы академиялық ұтқырлық бойынша келісім 2017-2018 оқу жылында шетелдік волонтер оқытушы доктор Осман Қабадайының бастамасымен жұмыс істеп келеді. Ал 2020-2021 оқу жылынан бастап Абай Университеті мен Ахи Евран Университеті арасында Халықаралық Мевлана және Эрасмуз+ K107 Келісім шарты іс жүзіне аса бастады. Бұл келісім магистранттарды ғана қамтып қоймай бакалавр мен докторанттарды да халықаралық тағлымдамаға жіберу мүмкіндігін береді. Мұндай халықаралық іргелі бағдарламаны іс жүзіне асыруда шығыс филологиясы және аударма кафедрасының оқытушылары Гүлназ Сәтпай, Нұржамал Қоспағанбетова, Динара Ашимова және Ерғали Есбосыновтың елеулі еңбектері бар.

 

2021 жылдың 24 қазанда Ахи Евран унмверситетіне келген магистранттарымызды Ахи Евран Университеті Гуманитарлық ғылымдар факультеті деканы профессор доктор Надир Илхан, декан орынбасары Ахмет Доған, Түрік тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Салахаттин Бекки мен профессор Ахмет Ары қабылдап, Қазақстаннан келген жастарға құрмет көрсетті. Ресми кездесу соңында қазақстандық магистранттарға сертификат табыс ету салтанаты мен шағын жиын ұйымдастырылды.

 

Салтанатты жиында «7М01703 - Шетел тілі:екі шетел тілі» мамандығы екінші курс магистранттары Аида Самат, Шолпан Тұмарбекова және Ардақ Тілендиев қазақ және түрік тілінде мәнерлеп өлең оқып, Абай Университеті мен мамандықтарына қатысты қазақ және түрік тілінде дайындаған танымдық слайттарын көрсетті. Университетіміз атынан барған магистранттарымыздың үлгілі іс-шаралары Ахи Евран Университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студент-магистранттарының қызығушылығы мен ілтипатына ие болды. Жиын соңында шығыс филологиясы және аударма кафедрасының аға оқытушысы Динара Ашимова институтымыз бен кафедрамыздың мамандықтары, оқу бағдарламасы туралы толық мәлімет берді.

 

   

 




Кері оралу