қазақша · русский · english
 
 
 
15.11.2021

Абай университетінің білім алушыларының ғылыми тағылымдамасы бойынша шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық нығаюда


2021 жылдың 12 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ректоры Д.Н.Біләлов Филология және көптілді білім беру институты директоры Алуа Тағжарықованы, шығыс филологиясы және аударма кафедрасы меңгерушісі К.Х.Абдрахманова мен осы кафедраның аға оқытушысы Динара Ашимованы қабылдады. Ректор қабылдауында болған институт директоры мен кафедра меңгерушісі атқарылып жатқан халықаралық байланыстар жөнінде есеп беріп, жоспарланған және өндіріске алынған халықаралық қатынастар бағытындағы іс-шаралар туралы мәлімет берді. Институт директоры бұл бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстың жан жақты және көпсалалы екендігін атап өтті. Кафедра меңгерушіс білім алушылардың алыс және жақын шет елдерге тілдік, өндірістік және халықаралық тағылымдамадан өті мүмкіншіліктері бар екендігіне және бұл маңызды істе түрік тілі пәні оқытушылары Нұржамал Қоспағанбетова, Гүлназ Сәтбай және Ерғали Есбосыновтың атқарған істерінің мол екендігін атап өтті.


Аға оқытушы Динара Ашимова жақында барып келген шетелдік іссапары жөнінде есеп беріп, шет елдік әріптестермен болған іскери кездесулері туралы ақпар берді. Атап айтқанда әлемдік 400-ден аса ЖОО басын біріктіретін Кавказ өңірі елдері университеттері қауымдастығы туралы мәлімет берді. Осы халықаралық беделді ұйымның президенті профессор доктор Рамазан Қорқмаз мырзаның жеке сәлемі мен құрметін жеткізгені үшін қуанышты екендігін тілге тиек етті.


Динара Ашимова сонымен қатар Стамбұл қаласындағы Малтепе Университетінің ректоры профессор доктор Шахин Карасар мырзаның қабылдауында болып, кездесу нәтижесінде екі университет арасында халықарарлық академиялық ұтқырлық келісім шартына қол қою рәсіміне қатысқандығын атап өтті. Сонымен қатар Малтепе Университеті Филология факультеті деканы Рамазан Қорқмазбен кездескендігін және осы келісім шарт аясында 2021 жылғы 17 қарашада «Екі шет тіл» мамандығынан 20 магистрант Малтепе Университетіне халықарарлық тағылымдамаға жол жүретіндігін атап өтті.


Кездесу соңында Абай университетінің ректоры Д.Н.Біләлов Филология және көптілді білім беру институты директоры А.В. Таңжарықоваға, шығыс филологиясы және аударма кафедрасы меңгерушісі К.Х.Абдрахмановаға алғыс айтып, институттың халықаралық байланыс жұмыстарына оң баға беретіндігін атап өтті. Мұндай жетістікке жетуде Нұржамал Қоспағанбетова, Гүлназ Сәтбай және Ерғали Есбосынов сияқты мамандарға жүгіну қашанда дұрыс және тиімді болатындығын атап өтіп, институт студенттері мен магистрант, докторанттарының шет елдік тағылымдамаларының оңды шешіліп жатқандығына ризашылығын білдірді. Аға оқытушы Динара Ашимова мұндай шет елдік іссапарлардың жалғаса түсетіндігін, халықаралық қатынас және QS рейтингі бағытындағы іс-шараның түрік тілі пәні оқытушылары тарапынан үнемі бақылауда болатындығын атап өтті.

 

   




Кері оралу