қазақша · русский · english
 
 
 
03.12.2021

«Тәуелсіздікке 30 жыл: тіл, руханият және оқыту мәселелері» 76-ғылыми конференциясы

 

«Тәуелсіздікке 30 жыл: тіл, руханият және оқыту мәселелері» атты студенттер мен магистранттардың 76-ғылыми дәстүрлі конференция жұмысы сәтті өткізілді. Абай атындағы ҚазҰПУ Филология және көптілді білім беру инcтитуты Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы бойынша «Қазақстан және шығыс әлемі: шығыстанудағы жаңа бағыттар» және «Тәуелсіз Қазақстандағы аударматанудың дамуы» секциялары өз жұмысын пленарлық отырыстан кейін бастады. Магистранттар мен студенттердің дәстүрлі ғылыми конференциясын конференция төрайымдары жүргізді.

 

Биылғы оқу жылында кафедра бойынша 38 тақырып алып, толықтай конференция бағдарламасына енгізілген. Кафедраның оқытушылары мен ғылымға бейім магистранттар мен студенттер қатысып, ғылыми баяндама жасаушылардың баяндамаларын тыңдап, өзара талдап, кемшіліктері мен жетістіктерін пікір сайыс ретінде өтті. Қатысушыларға орын беріліп, І, ІІ, ІІІ  орын алған магистрант, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары болашақта диссертация жұмыстары және диплом жобаларымен жалғасын табуға ұсынылды.

 

   




Кері оралу