қазақша · русский · english
 
 
 
13.12.2021

Ахмет Байтұрсынов - Тәуелсіздік ақыны

 

2021 жылдың 10 желтоқсанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Ахмет Байтұрсынов - Тәуелсіздік ақыны» тақырыбында онлайн форматта 150 жылдық мерейтойына дайындық аясында өлеңдер сайысы өткізілді. Сайыс филология және көптілді білім беру институтында, Шығыс филологиясы және аударма кафедрасында өтті. «Шығыс (корей) тілінің ағылшын тілін білетін мұғалімі» мамандығының 101 және 102 топ студенттері эдвайзер оқытушысы Наталья Славиковнамен бірге қазақ қоғам және мемлекет қайраткері, ағартушы, лингвист ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, аудармашы Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қызметі туралы білді.

 

Сайыстың мақсаты-оқушылардың ел тарихына деген танымдық қызығушылығын дамыту, оқушылардың зияткерлік деңгейін арттыру, болашақ педагог ретінде өз елінің тағдырына қатыстылығын, патриотизмді және жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу.

 

Бұл іс-шараға Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының оқытушылары қатысты: кафедра меңгерушісі Абдрахманова Г. Х., аға оқытушылар Оразова Р. К., Баратова Ш., Жангүл Мәдиентқызы және Султанбаева Ж.У.

 

Студенттер А.Байтұрсыновтың қызметі туралы қазақ және орыс тілдерінде баяндамалар дайындады, сондай-ақ оның кейбір өлеңдерін корей тіліне аударды.

 

Қорытындыда кафедра меңгерушісі Абдрахманова Г. Х. «Шығыс (корей) тілін меңгерген ағылшын тілі мұғалімі» мамандығының 1 курс студенттеріне адал оқуы, қысқа мерзімге қарамастан корей тілін жетік меңгергені, филология және көптілді білім беру институтының студенттеріне тиесілі бірнеше тілді еркін меңгергені үшін алғыс айтып, оқуда одан әрі табыс тіледі.

 

   

 

   




Кері оралу