Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы | ![]()
15.12.2021
«Think and translate!» зияткерлік ойын-викторинасы
2021 жылдың 15 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ филология және көптілді білім беру институтының Шығыс филология және аударма кафедрасында «Аударма ісі» мамандығының екінші курс магистранттары профессор Жұмабекова А. Қ. жетекшілігімен «Think and translate!» іс-шарасын өткізді.
Іс-шараға «6В02302 - Аударма ісі» мамандығының 1 курс бакалавриат студенттері белсене қатысты. Викторина оқытудың заманауи әдістерін пайдалана отырып, онлайн режимінде өтті.
Іс-шараның мақсаттары: студенттердің аударма қызметіне деген қызығушылығын арттыру, олардың аударманы оқуға деген қызығушылығын ояту, сонымен қатар кәсіби аудармашы болуға деген ынтасын арттыру.
Іс-шараға кафедра меңгерушісі Абдрахманова К. Х. «Шығыс филологиясы және аударма» кафедрасының оқытушылары: Нам Н.С., Баратова Ш., Оразова Р.К., Ибрагимова К.К. және басқалары қатысты.
Іс-шара командалық ойын түрінде өтті. Іс-шараның қорытынды кезеңі қорытындылау және жеңімпаздарды сертификаттармен марапаттау болды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|