қазақша · русский · english
 
 
 
24.01.2022

Abai University студенттері университет абыройын асқақтатты

 

Бұған дейін хабарланғандай, 2021 жылдың мамыр айында Түрік тілі бойынша 19-шы халықаралық тілдік онлайн-олимпиада өтті. Олимпиадаға 27 елден студенттер деңгей бойынша қатысты. Біздің университеттің студенттері де белсенділік танытып, жүлделі орындарға ие болды. «6В01703 - Шет тілі:екі шет тілі» мамандығының 4 курс студенті Абдусаттарова Углай (ғылыми жетекшісі аға оқытушы Сәтбай Г.Қ.) мен 2 курс студенті Абдулазизова Севара (ғылыми жетекшісі магистр, оқытушы Коспаганбетова Н.Х.) жоғарғы С1 деңгейі бойынша қатысып, жүлделі 1 орын және 3 орындарға ие болды. Сонымен қатар, 2 курс студенті Атантай Мариям (ғылыми жетекшісі аға оқытушы Сәтбай Г.Қ.) А1 бастапқы деңгей бойынша қатысып, жүлделі 2 орынға ие болды.

 

Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы сабақ беретін студенттердің халықаралық олимпиада сияқты зияткерлік сайысқа қатысып, жүлделі орынға ие болулары кафедрамыздың кадрлық әлеуеті мен білім беру бағдарламаларының сапалы екендігін тағы бір жоғары деңгейде көрсете білді. Халықаралық олимпиаданың орталық офисі Анкара қаласында орналасқандықтан және кейбір елдерде карантинге байланысты шектеулер болуы себебінен жүлделі орын алған студенттердің сертификаттары кешірек табыс етілді.

 

   

 

   




Кері оралу