қазақша · русский · english
 
 
 
24.01.2022

Педагогикалық емес мамандықтардың өндірістік іс-тәжірибе ашылу конференциясы


Филология және көптілді білім беру институтының Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының оқу бағдарламасына сәйкес «5В021000-Шетел филологиясы: ұйғыр тілі» және «5В020700-Аударма ісі» мамандықтарының 4 курс студенттері, «6В02302-Аударма ісі» мамандығының 3 курс студенттері 2022 жылғы 24 қаңтар мен 16 сәуір аралығында Алматы қаласындағы мекемелерге: А.Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназиясына, Gala translation, ТОО «Present PP», ҚР ЖОО ассоциасиясы және Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола облысындағы бірқатар мекемелерге жіберілді.


Осы мамандықтар бойынша іс-тәжірибе ашылу конференциясы ZOOM платформасында онлайн режимде 2022 жылы 22 қаңтар 12:00-де өтті. Іс-тәжірибе ашылу конференциясына кафедра меңгерушісі Абдрахманова К.Х., ТОО «Present PP» ЖШС бас директоры Бургамбаева Н.Т., кафедра бойынша іс-тәжірибеге жауапты аға оқытушы Алмабекова А.М., әдіскер-оқытушылар - ф.ғ.к., аға оқытушы Шеңгелбаева Н.Р., ф.ғ.к., аға оқытушы Аутова Г.М., магистр, аға оқытушы Сұлтанбаева Ж.У. магистр, оқытушылар Себдайырова А.М., Ислямова Ұ.А. және іс-тәжірибеге баратын студенттер қатысты. Конференция барысында практика мақсат-міндеттері, ережелері түсіндіріліп, студенттердің сұрақтарына жауаптар берілді.

 

   




Кері оралу