қазақша · русский · english
 
 
 
18.02.2022

Талапкер-2022: мектеп директорларымен онлайн-конференция

 

2022 жылдың 18 ақпанында «Мамандық - болашаққа бастар жол» кәсіптік бағдар беру жобасы аясында Филология және көптілді білім беру институтының шығыс филологиясы және аударма кафедрасының аға оқытушылары Ж.М.Елемесова мен Е. Ж.Қансейітова ZOOM платформасында онлайн-конференция өткізді. Түркістан облысы, Арыс қаласындағы Қабылсай мектебінің директоры Ш.С.Жүзжанов, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үштерек орта мектебінің директоры, Р.А. Жұрын қатысты. Аталған мектептердің 11-сынып оқушыларына Абай атындағы ҚазҰПУ, Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының мамандықтары туралы толық мағлұмат берілді.

 

Бұл іс-шараға сонымен қатар Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Кәсіптік бағдар беру және студенттерді қабылдау орталығының директоры Н.Әуесбекұлы, Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Қ.Х.Абдрахманова, спикер А.М.Себдайырова және аға оқытушылар Г.К.Сатбай, А.Н.Раева, Ж.У.Султанбаева и А.М.Алмабекова қатысты.

 

Мектеп оқушыларын әсіресе Abai University әлемдік нарықтағы орны және көптеген шетелдік жоғары оқу орындарымен халықаралық байланыстары туралы мәліметтер қызықтырды. Мектеп оқушылары болашақ мамандықтары бойынша көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды. Сонымен қатар, қызығушылық тудырған аударма ісі, шығыс, шетел тілдері бойынша сауалдар, жалпы әлеуметтік жеңілдіктер және ҰБТ-да грант ұту мүмкіндіктері, жатаққана мәселесі сияқты қойылған сұрақтарға, кәсіби бағдар беру форум мүшелері және аға оқытушылар толық жауап берді.

 

Қазақстанның екі өңірінен қатысып отырған мекеме басшылары Абай атындығы ҚазҰПУ-ға оқуға түсуге ниетті түлектердің жеткілікті екенін айтып, алынған ақпараттар басқа да орта мектептермен бөлісуге тұрарлық екенін түйіндеді.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу