қазақша · русский · english
 
 
 
28.02.2022

«Салауатты өмір салтын қалыптастыру бұқаралық спортты дамыту» онлайн-кездесуі

 

2022 жылдың 23 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педогогикалық университетінің Филология және көптілді білім беру институты шығыс филология және аударма кафедрасының аға оқытушылары Э.Ж.Қансейітова мен Х.Масимованың ұйымдастыруымен спорт мәселесіне қатысты студенттермен магистранттар және кафедра оқытушыларымен «Салауатты өмір салтын қалыптастыру бұқаралық спортты дамыту» тақырыбында онлайн-кездесу өтті.

 

Аталған іс-шара қонақтары « Qazaq Batyry» бастауыш партия ұйымы жетекшісі, Қазақстан Грэмппинг ассоциациясы Әлен Қанат мен Nur Otan партиясы елордалық Бірлік филиалының төрағасының бірінші орынбасары Шыңғысхан Қожахметов болды.

 

Тақырып өзектілігі жастарымыздың спортқа деген қызығушылықтары іс-шарамызды қызықтыра түсті. Іс- шара барысында қонақтарға студенттеріміз бен оқытушыларымен көптеген сауалдар қойып пікірлерін білді. Аталған іс-шараға шығыс филология және аударма кафедрасының меңгерушісі профессор Г.Х. Абдрахманова, шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі М.Б.Төлегенова және директор орынбасары Е. Қасенов. Сонымен қатар аға оқытушылар Г. Сатбай, Ж. Елемесова, А. Раева, А.Алмабекова, Ж. Султанбаева, А. Жұмабаева, Д. Ашимова, Н. Қоңқабаева, Н. Қоспағанбетова, А. Себдаирова қатысып, өз ойларын білдірді.

 

   




Кері оралу