қазақша · русский · english
 
 
 
28.03.2022

«Илия Бәхтия - құтты мекен күйшісі» ғылыми-практикалық конференциясы

 

2022 жылдың 26 наурыз күні ZOOM онлайн форматы негізінде Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» қоғамдық ұйымы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология және көптілді білім беру институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасы және Илия Молутов (Бахтия) атындағы № 3 орта мектебінің ұйымдастыруымен талантты ақын, «Һаят даванлири», «Достларға соға», «Өмүр шундақ өтиду», «Мениң билән муңдашқин» сияқты өлең жинақтарының авторы Илия Бахтияның (Молутов) 90 жылдығына арналған «Илия Бәхтия - құтты мекен күйшісі» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

 

Конференцияның мақсаты - шетелдік және қазақстандық ғалымдардың Илья Бахтия шығармашылығына арналған зерттеулерін таныстыру, қазақ халқының ақыны Мұқағали Мақатаевпен болған достық қатынасын қазақ және ұйғыр халықтар достығының көпірі ретінде көрсету. Конференцияға Германия, Қырғызстан, Өзбекстан республикаларынан ғалымдар қатысып, И. Бәхтияның шығармашылығы туралы өз ой-пікірлерімен бөлісті. Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Г.Х. Абдрахманова, кафедраның аға оқытушылары Р.У. Арзиев, Г.М. Аутова, Х.В. Масимова, Ш.Б. Баратова баяндама жасады. Конференцияда сондай-ақ, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 2 курс студенттері Я. Абдрахманова, Г. Босақова және №3 И. Бәхтия атындағы орта мектептің 11-сынып оқушылары А. Сабитова, Б. Қасимова, Р. Усеновалар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ғалымдар тарапынан атақты ақынның шығармашылығына талдау жасалынды. Конференция қатысушыларға үлкен әсер қалдырды.

 

   




Кері оралу