қазақша · русский · english
 
 
 
11.04.2022

Корей тілі кабинеті ашылды


2022 жылдың 8 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жамбыл көшесі, 25 үй, №10 ғимаратындағы 305 дәрісханасында корей тілі кабинетінің ашылу салтанаты болып өтті. Салтанатты іс-шараға Филология институты директоры Алуа Таңжарықова, институт директорының орынбасары Алмас Найманбаев, Корея Республикасының Қазақстан Елшілігі жанындағы Корей білім беру орталығы директорының орынбасары Пак Дэсун (Park Daesun) қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Институт директоры Алуа Таңжарықова университет әкімшілігінің шығыс тілдерін, оның ішінде корей тілін оқытуға үлкен мән беріп отырғандығын атап өтіп, осындай игі іс-шараларды іске асыруға атсалысқан оқытушылар мен кафедра меңгерушісіне алғысын бідірді.

 

Пак Дэсун мырза Абай университеті әкімшілігінің бастамасымен іске асып отырған мұндай іс-шаралардың маңызды екендігін атап өтіп, білім және ғылым саласындағы екі ел арасындағы достық, ынтымақтастық қарым-қатынастар әрі қарай дами түсетінін атап өтті.

 

Корей орталығының саланатты ашылу рәсіміне кафедра оқытушылары Х.Масимова, Е.Есбосынов, Н.Нам қатысты.

 

Іс-шара барысында шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Г. Х. Абдрахманова мен кафедраның корей тілі пәні оқытушысы Н. Нам қатысушыларға арнап құттықтау тілегін білдірді.Салтанатты іс-шара 1-ші курс (корей бөлімі) студенттері тарапынан ұйымдастырылған шағын конценрттік бағдарламамен жалғасты.

 

   

 

   

 




Кері оралу