қазақша · русский · english
 
 
 
11.04.2022

Шығыс әлеміне саяхат


Ғылым онкүндігі аясында 2022 жылдың 8 сәуірінде Филология институтының шығыс филологиясы және аударма кафедрасының оқытушылары «Шығыс әлеміне саяхат» тақырыбында іс-шара өткізді.

Кафедраның 1-4 курс студенттері белсенді қатысып, Қазақстанның және басқа елдердің оқыған тілдері, мәдениеті мен дәстүрлері бойынша өз қабілеттерін көрсетуге тырысты. Атап айтсақ, аға оқытушылар Х.Мәсімова, Ш.Баратова және Г.Аутова ұйғыр халқының әдет-ғұрыптарының ұлттық ерекшеліктерін көрсететін көрме ұйымдастырды.

4 курс студенті Аруна Өтемғалиева ұйғыр тіліндегі ұлттық аспаптар, киімдер, ұйғыр тағамдары, кітаптар, оқулықтар және мерзімді басылымдармен таныстырды. Аға оқытушылар А.Алмабекова мен А.Раеваның ұйымдастыруымен өткен шара аясында қытай бөлімінің студенттері қытай халқының шай қайнату тәсілімен, осы көне сусынның түрлерінің тұсаукесері және шай ішу рәсімімен танысты.

Аға оқытушылар Оразова Р.Қ., Кансеитова Э.Ж., PhD доктор Конкабаева Н.Н. ұйымдастыруымен араб бөлімінің студенттері араб тілінде Абай өлеңдері мен шығармаларынан үзінділер орындалған театрландырылған көрініс жиналғандарға жақсы әсер қалдырды.

Түрік тілі пәнінің мұғалімдері Е.Есбосынов, Ғ.Сәтбай, Н.Қоспағанбетова және Д.Әшімова жетекшілік ететін студенттер ұлттық түрік киімдерін көрсетіп, өлең оқып, халық билерін орындап, түрік тілінде ән шырқады. Сондай-ақ шараға белсене қатысқан қатысушыларға түрік халық өнерінің «кестелеу» үлгілерін көрсетіп, қолдан тоқылған орамалдар тарту етті.

Шара соңында Филология институтының директоры А.В.Танжарыкова, директордың орынбасары А.А.Найманбаев, кафедра меңгерушісі К.Х.Абдрахманова және мәртебелі қонақ ретінде шақырылған Айсаф мектебінің белді ұстаздарының бірі, университетіміздің түлегі А.Мұқанова шығыс филологиясы және аударма кафедрасының барша оқытушылары мен студенттеріне алғысын білдірді.

 

   

 

   




Кері оралу