қазақша · русский · english
 
 
 
25.04.2022

«Абайдың асыл мұралары» тәрбие сағаты

 

2022 жылдың 22 сәуірінде Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының аға оқытушысы Раева Арайлим 2 курс «Ағылшын тілін меңгерген шығыс тілі мұғалімі» мамандығы, қытай тілі бөлімі, «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының 3 курс студенттерімен бірге «Абайдың асыл мұралары» ашық тәрбие сағатын өткізді.

 

Ашық тәрбие сағатының негізгі мақсаты - қазақтың ұлы ақыны, ғұлама ойшыл, сазгер Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын білу, өлеңдері, әндері, қарасөздерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтардың Абай мұрасына қызығушылығын арттыру.

 

Тәрбие сағаты барысында студенттер Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын білу барысында презентациялар жасап, өскен ортасы, шығармашылығы туралы баяндады, «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?» атты өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Абайдың қара сөздерің екі тілде, қытай және қазақ тілінде айтып, Абайдың қара сөздері көп тілге аударылғаны жайында да презентация көрсетті, сонымен қатар ұлы ақынның орыс тілінен аударған аудармалары жайында презентация жасап, баяндады. Тәрбие сағаты соңында студентер Абайдың композиторлығы жайында презентация жасап, «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» әндерін орындады. Сонымен қатар студенттер заманымыздың заңғар жазушысы М.Ауезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясына презентация жасап, жалпы шолу жасады.

 

Тәрбие сағатына аға оқытушылар А.М. Алмабекова мен Э.Ж. Қайсейтова, оқытушы Мейрхан Сымбат, және кафедра студенттері мен «Шетел тілі:екі шет тілі» мамандығының 3 курс студенттері, 2 курс «Ағылшын тілін меңгерген шығыс тілі мұғалімі» мамандығы, қытай тілі бөлімінің студенттері қатысты.

 

Ашық тәрбие сағатында студенттер жоғары деңгейде белсенділік танытты. Студенттер тақырыптың өзектілігін көтере отыра, Абайдың өлеңдерін оқып, қара сөздерін жатқа айтып, әңдерін салып, өз өнерлерін де ортаға салды.

 

Ашық тәрбие сағаты соңында аға оқытушылар Алмабекова Асель мен Қайсейтова Э.Ж, оқытушы Мейрхан Сымбат сөз сөйлеп, студенттерге өз алғыстарын білдірді. Іс-шараны жоғары деңгейде бағалады.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу