қазақша · русский · english
 
 
 
26.04.2022

«Aisaf Almaty» гимназиясының түлектерімен мамандық таңдау туралы офлайн сұхбаттасу


2022 жылдың 26 сәуірінде Абай университеті Филология институтының шығыс филологиясы және аударма кафедрасы «Талапкер-2022» кәсіптік бағдар беру жұмысын жүзеге асыру мақсатында «Aisaf Almaty» гимназиясының түлектерімен мамандық таңдау «Кәсіп - болашаққа бастар жол» тақырыбында офлайн сұхбат өткізді.

Шараға шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Г.Х.Абдрахманова, оқытушылар Ж.М.Елемесова, А.М.Алмабекова, Е.Ж.Кансеитова, Г.К.Сатбай, С.Мейрхан, Д.М.Ашимова және Р.К.Оразова, сонымен қатар гимназия әкімшілігінің өкілдері, мұғалімдер, сынып жетекшілері, түлектер қатысты. Абай атындағы ҚазҰПУ туралы жалпы мағлұматтар 11-сынып оқушыларына ұсынылды. Филология институтының шығыс филологиясы және аударма кафедрасының мамандықтары туралы толық мағлұмат беріп, мамандықтармен кеңінен таныстыру мақсатында презентациялар, бейнероликтер көрсетілді. Мектеп оқушыларын әсіресе, Абай университетінің әлемдік нарықтағы орны мен шетелдік жоғары оқу орындарымен халықаралық байланыстары туралы деректер қызықтырды.

Студенттер болашақ мамандықтары туралы сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Ерекше қызығушылық тудырған мамандықтар: аударма ісі, шығыс және басқа да шет тілдері.

 

   




Кері оралу