қазақша · русский · english
 
 
 
18.05.2022

Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының 2021-2022 оқу жылы іс-тәжірибе қорытынды конференциясы

 

Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының 2021-2022 оқу жылында өткен «5В021000-Шетел филологиясы: ұйғыр тілі» , «5В020700 -Аударма ісі» мамандықтарының оқу жоспарына сәйкес, «5В020700-Аударма ісі» 4 курс (4 жылдық), «6В02302-Аударма ісі» 3 курс (3 жылдық) студенттерін 24.01.2021-16.04.2022 ж. аралығында өндіріс мекемелеріне өндірістік іс-тәжрибесіне А. Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназия, Ават орта мектебі, Gala translation, ТОО "Present PP" мекемелеріне жіберілді. «5В011900-Шетел тілі:екі шет тілі» мамандығының оқу жоспарына сәйкес 4-ші курс (4 жыл) екінші шетел тілі (араб, қытай, түрік, француз,неміс), «6В01703-Шетел тілі:екі шет тілі» 3-ші курс (3 жыл) екінші шетел тілі (түрік, неміс) бойынша педагогикалық мамандықтарының білім алушылары 2022 жыл 11 сәуір мен 07 мамыр аралығында (университет академиялық күнтізбесіне сәйкес) мемлекеттік педагогикалық іс-тәжірибеден өту үшін Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма Төрағасы - ректор бұйрығы бойынша Алматы қаласындағы Aisaf-Almaty гимназиясы, №113 мектеп-гимназиясы, Шетел тілдер педагогикалық колледжі, Алматы қазақ-түрік гуманитарлық-технологиялық колледжіне өтті.

 

2022 жылғы 17 мамырда мамандықтар бойынша іс-тәжірибе қорытынды конференциясы өтті. Іс-тәжірибе қорытынды конференциясына кафедра меңгерушісі Абдрахманова К.Х., кафедра бойынша іс-тәжірибеге жауапты аға оқытушы Алмабекова А.М., әдіскер-оқытушылар -профессор Жумабекова А.К., аға оқытушы Тоқтарбек С., аға оқытушылар Ибрагимова К.К., Қансейтова Э.Ж., Сәтбай Г.Қ. Оразова Р.К., Раева А.Н., Ашимова Д.М., PhD Қонқабаева Н.Н., Аутова Г.М., Себдайырова А.М., оқытушылар Ислямова У., Коспаганбетова Н.Х. және іс-тәжірибеге барған студенттер қатысты. Конференция барысында әр топ жеке-жеке прзентациямен келіп, іс-тәжірибе өту барысы, өткізіліген іс-шаралар бойынша есеп берді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу