қазақша · русский · english
 
 
 
03.10.2022

Абай атындағы ҚазҰПУ-да түрік ғалымы дәріс оқиды


2022 жылдың 3 қазанында профессор Ердоған Алтынкайак шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы аясында Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының басшылығымен кездесті. Ердоған Алтынкайак Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің шақыруымен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология институты студенттеріне, магистранттарына және PhD докторанттарына 03.10.2022 мен 29.10.2022 жыл аралығында дәрістер курсын оқу, семинарлар, ғылыми кеңестер және шеберлік сабақтарын өткізу үшін келді. Кездесу барысында мейман шығыс филологиясы және аударма кафедрасының профессор-оқытушылар құрамымен танысып, Филология институтының профессор-оқытушылар құрамымен бірлескен ғылыми іс-шаралар өткізу жөнінде бірқатар мәселелер талқыланды. Семинарлар, дөңгелек үстел және бірқатар вебинарлар жоспарланып отыр.


Шетелдік профессор Түркияның Ардахан университетінен келген, ол Азия елдерінің фольклорын зерттеумен айналысады. 25 кітаптың, 60-тан астам мақала мен жарияланымның авторы.

 

  alt=  




Кері оралу