қазақша · русский · english
 
 
 
04.10.2022

Абай атындағы ҚазҰПУ-ға Хонам университетінің делегациясы келді


2022 жылдың 4 қазанында Хонам университетінің (Корея Республикасы) делегациясы жұмыс сапарымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне келді. Хонам университетінің делегациясы құрамында Хонам университетінің ректоры Хонам Пак Сан Чоль, Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Сон Ван И, Үздіксіз білім беру институтының директоры Чое Ён Хва, Корей тілі институтының директоры Юн Ён, «Волькок» корей мәдениет орталығының басшысы Ким Бён Хак болды. Абай атындағы ҚазҰПУ-дан жұмыс сапарына университеттің стратегия, цифрландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Құлсариева А.Т., Филология институтының директоры Таңжарықова А.В., Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Байназар Ж.О, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Найманбаев Н.Н, шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Қоңқабаева Н.Н., халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі Бекбанова Н.А., шығыс филологиясы және аударма кафедрасының оқытушысы Нам Н.С. қатысты.


Кездесу барысында Хонам Университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сапар соңында екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу