қазақша · русский · english
 
 
 
14.10.2022

«Мысыр тағындағы қыпшақ» танымдық іс-шарасы

 

Осы оқу жылының алғашқы айлары шығармашыл студент жастардың айрықша белсенділігімен есте қалды. Соның бір дәлелі 2022 жылдың 13 қазанында Филология институтының 4-курс «Екі шет тілі» мамандығы студенттерінің өткізген «Мысыр тағындағы қыпшақ» тарихи танымдық, шығармашылық кеші болды.

 

Ағылшын тілімен қатар екінші тіл ретінде араб тілін оқитын студенттердің ұстазы, араб тілі мұғалімі Рая Қадыс-қызы Оразованың ұйымдастыруымен өткен іс-шара барлық қатысушы оқытушылар мен студенттердің көңілінен шықты. Қыпшақ даласынан құлдыққа сатылып, Мысыр жерінде билеуші дәрежесіне дейін көтерілген Сұлтан аз-Заһир Бейбарыс бабамыз туралы көптеген қызықты деректер тыңдаушысын селт еткізді деуге де болады. Бабамыздың өмір тарихы туралы жан-жақты мәліметтер слайдтар арқылы беріліп, сұлтан Бейбарыс туралы фильммен толықтырылды. Студенттердің өздерінің Бейбарыстың ролін сомдап, басқа да кейіпкерлерді ойнап, өздерінің шығармашылық, актерлік қабілетін көрсетуі ерекше әсер қалдырды. Онымен қоса университет студенттеріне сауалнама жүргізіп, видео түсіргендері көрермендерге қатты ұнады. Викториналық сұрақтар қойылып, көрермендермен кері байланыс жасалып, дұрыс жауаптар марапатталды. Араб тілі сабағынан үйренген әндерін де айтып үлгерген студенттер іс-шара барысында көздеген мақсаттарына қол жеткізді. Сұлтан Бейбарыс бабамыздың ерлік істері насихатталып, жастарға берер тағлымы мол болды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу