қазақша · русский · english
 
 
 
11.11.2022

Талапкер-2023: мектеп түлектеріне арналған онлайн-конференция

 

2022 жылдың 9 қарашасында «Кәсіп - болашаққа бастар жол» кәсіби бағдар беру аясында Филология инcтитуты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Н.Н. Қоңқабаева және кафедраның аға оқытушылары Н.Р. Шенгелбаева, Ж.М.Елемесова, А.М. Себдайырова, А.С.Жұмабаеваның ұйымдастыруымен мектеп түлектерімен ZOOM платформасында онлайн-конференция өткізілді. Қостанай облысы Арқалық қаласы №4 жалпы білім беру мекемесінің директоры Г.Ж. Мукашева басқаруымен 11 сынып мектеп түлектері және Алматы қаласы Алатау ауданы Өжет ықшам ауданының Білім басқармасы №156 мектеп жалпы білім беру мекемесінің директоры Г.М.Ахметованың басқаруымен 11 сынып мектеп түлектері қатысты. Аталған мектептердің 11 сынып оқушыларына Абай атындағы ҚазҰПУ жайлы жалпы мағлұматтар, сондай-ақ шығыс филологиясы және аударма кафедрасының мамандықтары туралы жан-жақты ақпараттар беріліп, мамандықтармен кеңінен таныстыру мақсатында презентация, бейнежазба түсірілімдері көрсетілді. Кездесуде кафедра меңгерушісі, PhD аға оқытушысы Н.Н.Қоңқабаева, ф.ғ.к. доцент Е.М.Молдасанов, кафедраның аға оқытушылары спикер-модератор Ж.М.Елемесова, Н.Р.Шенгелбаева, А.М. Себдайырова және А.С. Жұмабаева қатысты.


Университеттің жоғары оқу орындары арасындағы әлемдік нарықтағы орны мен халықаралық байланыстары туралы мәліметтер оқушылардың қызығушылықтарын арттырды. Мектеп оқушыларында қызығушылықтар тудырған аударма ісі, шығыс, шетел тілдері бойынша сауалдар, жалпы әлеуметтік жеңілдіктер және ҰБТ-да грант ұту мүмкіндіктері, жатаққана мәселесі сияқты қойылған сұрақтарға, кәсіби бағдар беру форум мүшелері жан-жақты жауап берді.


Қазақстанның екі өңірінен қатысып отырған мекеме басшылары Абай атындығы ҚазҰПУ-ға оқуға түсуге ниетті түлектердің жеткілікті екенін айтып, алынған ақпараттар басқа да орта мектептермен бөлісуге тұрарлық екенін түйіндеді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=




Кері оралу