қазақша · русский · english
 
 
 
23.11.2022

Қош келдік,студент!

 

2022 жылдың 21 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Ағылшын тілін меңгерген шығыс (корей) тілі мұғалімі» мамандығы бойынша оқитын 1 және 2 курс студенттеріне студенттер қатарына қабылдауға арналған мерекелік кеш өтті. Іс-шараны Филология институтының шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Н.Н.Қонқабаева құттықтау сөзімен ашты. 1 және 2 курс студенттерінің кездесуін корей тілі мұғалімдері Нам Н.С., Бурмистрова Е.В. және ерікті мұғалім Бэ Мунки ұйымдастырды, ал барлық мұғалімдерге студенттер белсенді көмектесті.


Бұл іс-шараның мақсаты - корей тілін таңдаған студенттердің басын қосып, ойын, қарым-қатынас арқылы студенттік өмірге баулу болатын. Ойындарға барлық студенттер белсене қатысып, үздік командалар сыйлықтарға ие болды. Барлық ойындар корей тілінде өткенімен, Абай университеті студенттері өте жақсы жұмыс жасап, викториналарда сұрақтарға жауап тез тауып, корей тілінде сөйледі.


Осы ерекше арнаулы кеште көптеген бейнероликтер мен фотолар түсірілді, оларды студенттер әлеуметтік желілерде, соның ішінде #filologia_kaznpu, #kaznpu_korean және т.б. парақшаларында белсенді бөлісті. Апта басында басталған осы кеш мерекелік және көңілді атмосфера сыйлап, студенттерге оқудан үзіліс жасап, бір-бірімен сөйлесуге мүмкіндік алды.


Студенттер мен оқытушылар арасындағы бейресми қарым-қатынас сияқты студенттерді жақындастыруға бағытталған осындай форматтағы іс-шараларды жыл сайын өткізу жоспарлануда. Ал енді болашақ 2-ші және 3-ші курстар 2023 жылдың күзінде бірінші курс студенттерін дәл осылай жылы қарсы алмақ.

 

  alt=  




Кері оралу