қазақша · русский · english
 
 
 
05.12.2022

«Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін қазақ және қытай тілдерінде мәнерлеп оқу» байқауы

 

2022 жылғы1 желтоқсанда Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-дің Шығыстану факультеті шығыс тілдері аударма кафедрасы мен Конфуций институтынының ұйымдастыруымен қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының шығармаларына арналған Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарында қытай тілі бөлімінде оқитын студенттер арасында «Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін қазақ және қытай тілдерінде мәнерлеп оқу» байқауын ұйымдастырды. Байқауға қатысуға ынта білдірген барлық студенттер шақырылды.


Байқаудың мақсаты - Абай шығармашылығын жас ұрпақтың жүрегіне терең бойлатып, Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту, Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой - толғауларын насихаттау болды.


Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институтының шығыс филологиясы және аударма кафедрасының магистр, аға оқытушы Асель Алмабекованың жетекшілігімен «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының 2 курс студенті Әміт Данагүл қатысты. Байқау нәтижесі бойынша Әміт Данагүл жүлделі ІІІ орын иеленіп, мақтау қағазбен марапатталды.

 

  alt=  




Кері оралу