қазақша · русский · english
 
 
 
06.12.2022

Абай атындағы ҚазҰПУ студенті «Музыка - біздің ортақ тіліміз» қытай ән байқауының жеңімпазы

 

2022 жылдың 3 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының дипломатиялық қарым-қатынастарына 30 жыл толуына орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанындағы Конфуций институтынының ұйымдастырыуымен «Музыка-біздің ортақ тіліміз» тақырыбында 8 кезекті қытай ән-жыр байқауының қорытынды сайысы өтті.


Байқау 2 кезеңнен тұрды. 1 кезеңде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, СДУ, Қазақ қыздар педагогикалық университеті, Тұран университеті, Қазақ-қытай тіл колледжі білім алушылары өз өнерлерін көрсетіп, 15 қатысушы 2 кезеңге өтті. Шешуші сайыста керемет әндер шырқалды, сайыскерлер тек қытай әндерін шырқап қана қоймай, Аспан асты елінің тарихын, мәдениетін керемет игергенін көрсетті.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институтутының шығыс филологиясы және аударма кафедрасының аға оқытушы Әсел Алмабекованың жетекшілігімен «Шетел филологиясы: шығыс(қытай)тілі» мамандығының 3 курс студенті Айдана Сұлтанмұратова қатысып, Алматыдағы Бас консулдық, еліміздегі қытай банктері мен кәсіпорындарынан келген әділ-қазылар алқасының шешімімен гран-при жүлдесін алды. Жеңімпаз атанған барлық сайыскерлер мен жетекшілер диплом мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Сайыста Айданаға қолдау көрсетіп, әнге билеген, қосылып ән орындаған студенттер «Шетел филологиясы: шығыс(қытай)тілі» мамандығының 3 курс студенті Есімбева Әмина, «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы, қытай бөлімі 2 курс студентері Әміт Данагүл, Көпбай Эмир, Даниярұлы Мадиярға алғыс білдіреміз.

 

  alt=  

 

  alt=




Кері оралу