қазақша · русский · english
 
 
 
01.02.2023

«Спорт- денсаулық кепілі» ашық тәрбие сағаты


2023 жылғы 31 қаңтарда Абай атындағы Қазақ ұлттық педогогикалық университетінің Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының оқытушылары А.М. Алмабекова, А.Н. Раева, С. Мейрханның ұйымдастыруымен «Спорт- денсаулық кепілі» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Ашық сабаққа студенттер және кафедра оқытушылары қатысты. Аталған іс-шара қонақтары шығыс филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары: Э. Ж. Кансейтова, Р. К. Оразова, Г.Қ. Сатбай , А.С. Жумабаева, Д.М. Ашимова, Н.Х. Қоспаганбетова болды.


Спорт қоғамдағы жалпы мәдениеттің бір бөлігі, физикалық қабілеттерін дамытуға және адам денсаулығын нығайтуға бағытталған әлемдік қызмет салаларының бірі болып табылады. Жастардың жан-жақты дамуын спортсыз елестету мүмкін емес.


Тақырып өзектілігі жастарымыздың спортқа деген қызығушылықтары іс-шарамызды қызықтыра түсті. Іс-шара барысында қонақтар мен студенттер спорттық жаттығу жасады, елімізге еңбегі сіңген спортшылар жайлы қысқаша видео-үзінді көрсетілді, викториналық ойындар ойнатылды. Қатысқан қонақтар мен студенттер өз ризашылықтарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=




Кері оралу