қазақша · русский · english
 
 
 
17.02.2023

Қытай Жаңа жылы мен «Chinese place» студенттік клубының ашылуына арналған мерекелік кеш


2023 жылғы 16 ақпанда Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Ағылшын тілін меңгерген шығыс (қытай) тілі мұғалімі» мамандығының 1-ші курс білім алушыларын студенттік қатарға қабылдау аясында Қытай Жаңа жылына және «Chinese place» студенттік клубының ашылуына арналған мерекелік кеш өтті. Ұйымдастырушылар - қытай тілі оқытушылары Әсел Алмабекова, Арайлим Раева, Сымбат Мейрхан және қытай тілі бөлімінің студенттері.

 

Кеш қонақтары стратегия, цифрландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариева, Филология институтының директоры Алуа Танжарықова, шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Назым Конкабаева, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций институтының оқытушылары Чен Хао және Клара Мұқатай болды.

 

Бұл іс-шараның мақсаты қытай тілін үйренетін студенттерді қытай мәдениетімен тереңірек таныстыру болды. Осы негізде қазақ әндерімен, күйлерімен, билерімен қатар Аспан асты елінің әндері шырқалды, билер, Қытайдың Жаңа жылы туралы түсінік көрсетілді. Чен Хао Қытайлық Жаңа жыл қалай аталып өтілетіні туралы дәріс оқыды, ал «Chinese Place» студенттік клубының белсенділері мен Клара Мұқатай қытай каллиграфиясы, шай ішу дәстүрі, қағаздан қызыл шамдар жасау бойынша шеберлік сабақтарын өткізді.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций институтының оқытушылары Филология институтының директоры А. В. Танжарықовадан алғыс хат алды. Студенттер барлық шеберлік сабақтарына белсенді қатысып, шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Н.Н. Қонқабаева мен қытай тілі оқытушыларынан алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар алды. Студенттер мен оқытушылар арасында қытай тілін тереңдетіп оқытуға, студенттерді жақындастыруға бағытталған осындай форматтағы іс-шараларды жыл сайын өткізу жоспарлануда.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу