қазақша · русский · english
 
 
 
06.03.2023

Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы студенттерінің іс-тәжірибе қорытынды конференциясы

 

Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының 2022-2023 оқу жылында «5В01709-Ағылшын тілін меңгерген шығыс тілі мұғалімі» мамандығының оқу жоспарына сәйкес 3 курс (4ж.) студенттерін 01.09.-01.10.2022 жыл және 23.01.- 18.02. 2023 жыл аралығында педагогикалық іс-тәжірибеден өту үшін Алматы қаласындағы Aisaf-Almaty гимназиясына жіберілді.

 

Осы мамандық бойынша іс-тәжірибе қорытынды конференциясы 2023 жылдың 3 наурызында өтті. Іс-тәжірибе қорытынды конференциясына кафедра меңгерушісі Конкабаева Н.Н., кафедра бойынша іс-тәжірибеге жауапты аға оқытушы Алмабекова А.М., әдіскер-оқытушылар - аға оқытушы Оразова Р.К., магистр,аға оқытушы Раева А.Н.,аға оқытушы Ашимова Д.М. және іс-тәжірибеге барған студенттер қатысты. Конференция барысында әр топ жеке-жеке презентациямен келіп, іс-тәжірибе өту барысы, өткізіліген іс-шаралар бойынша есеп берді.

 

  alt=  




Кері оралу