қазақша · русский · english
 
 
 
31.03.2023

«Кітап-сарқылмас байлық» іс-шарасы

 

2023 жылғы 30 наурызда Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өтті.

 

Кафедра оқытушысы А.З. Мұхитов «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жайлы, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» туралы ақпарат беріп өтті. Келесі кезекте студенттер 100kitap.kz сайтында берілген кітаптар туралы өз презентацияларын көрсетті. Бұл іс-шараға шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Н.Н. Конкабаева, доцент Е.З. Есбосынов және «Аударма ісі» мамандығының 2 курс студенттері қатысты.

 

Аталмыш іс-шара студенттер үшін өте маңызды болды, өйткені бұл олардың болашақ мамандығының қазіргі әлемдегі маңыздылығын көрсетті. Бәлкім, олар болашақта шетел басылымдарын қазақ тіліне аударып, жастарымыздың да, еліміздің де дамуына септігін тигізетін шығар.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу