қазақша · русский · english
 
 
 
05.04.2023

«Наурыз» фестивалі

 

2023 жылғы 3 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ қабырғасында корей тілінде білім алатын студенттер арасында Наурыз мейрамы тойланды. Іс-шараға «Ағылшын тілін меңгерген шығыс (корей) тілі мұғалімі» және «Екі шет тілі» мамандығының 1 және 2 курс студенттері қатысты. Іс-шараны құттықтау сөзбен университеттің стратегия, цифрландыру және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры А.Т. Құлсариева, Филология институтының директоры А.В. Таңжарықова және Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі, Корей білім беру орталығының директоры Ким Тэ Хван ашты. Концерт сыйлық табыстаумен басталды: университетіміздің проректоры А.Т. Құлсариева Корей орталығының директорына университет студенті жасаған картинаны сыйға тартты. Өз кезегінде Ким Тэ Хван корей кабинетіне проектор мен концертке қатысушыларға сыйлықтарын табыс етті. Наурыз мерекесіне арналған фестиваль барлық қатысушылар мен көрермендерге көптеген жағымды эмоциялар, тамаша естеліктер сыйлады және әртүрлі топтар мен мамандықтардың студенттерін жинады. Концертті шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Н.Н. Қонқабаева құттықтау сөзімен қорытындылады.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-да корей тілі 2021 жылдан бастап оқытылады. Осы екі жылға жетер-жетпес уақытта 145 студент негізгі немесе қосымша тіл ретінде корей тілін таңдады. Наурыз мерекесіне арналған Студенттер фестивалінде концертке қатысуға 13 өтінім және бір немесе бірнеше қатысушыдан тұратын 12 команда өтінім беріп, барлығы - 34 студент өнер көрсетті. Барлық қойылымдарды акт залын лық толы көрермендер қызу қолдап, тіпті спикерлерге қолдау көрсету үшін плакаттар мен басқа да атрибуттарды дайындады. Студенттер домбырамен әуенін, қазақтың әсем ұлттық биін, заманауи корей билерін, корей тіліндегі лирикалық әндерді, хор қойылымын көрсетті, тіпті атақты корей драмаларынан спектакль де қойды.

 

Концерттің соңында қазылар алқасына ең үздіктерді таңдау өте қиын болды! Барлық командалар марапатқа лайық болды. Концертте барлығы 5 марапат болды: «Үздік жанкүйер», «Халық таңдауы» (QR дауыс беру арқылы таңдалған) және ең үздік өнер көрсеткені үшін 3 марапат пен Гран-при. Осы жерде айта кететін жайт, Наурыз мейрамына орай шығыс филологиясы және аударма кафедрасында дәл осындай тақырыпта сурет байқауы ұйымдастырылды. 1 және 2 курс студенттері плакаттарға сурет салып, тіпті инсталляциялар жасады. Студенттер арасындағы дауыс беру қорытындысы бойынша барлық қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталып, ал үздік үш жұмыс бағалы сыйлықтарға ие болды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу