қазақша · русский · english
 
 
 
04.04.2023

Кітап - сарқылмас қазына


2023 жылғы 31 наурызда Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ғылыми кітапханасында Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының ұйымдастыруымен оқулық, аударма және ғылыми кітаптарды табыстау рәсімі болып өтті. Университеттерге тегін кітап үлестіру науқанына А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мұрындық болды. Тіл білімі институтының кітапхана қоры мен жаңа басылымдар топтамасынан 70 кітапты табыстау рәсімін аталмыш институттың Тіл тарихы және түркітану бөлімінің аға ғылыми қызметкері Жақып Мақсұт шағын баяндамамен ашты.


Филология институтының директоры Алуа Танжарықова А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының жетекшісі Анар Фазылжановаға алғысын білдіріп, бүгінгі күні цифрландыру уақыты болса да, дәстүрлі үлгідегі кітаптар студент жастардың дамуында ерекше орын алатынын, білімдерін кеңейтетінін, болашақ педагогқа тән біліктілікті алуға көмектесетінін атап өтті. Ғылыми кітапхана директоры Нұргүл Имансыдықова Тіл білімі интситутының кітапханасы қолжазбалар мен кітаптарға аса бай және жаңа басылымдарды өз ғылыми қызметкерлерінің авторлығында шығарып отырған санаулы ғылыми мекемелер қатарында екендігіне назар аударды. Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасы меңгерушісі Назым Қоңқабаева кафедра деңгейінде жүргізіліп жатқан іс-шаралардың арасында кітап қорын толықтыру және жаңалау ісіне үлкен мән беретіндігін атап өтіп, Тіл білімі институты ғалымдарына осындай тамаша ғылыми еңбектерін сыйға тартқандары үшін алғысын білдірді.

Аталмыш іс-шараға университет кітапханасының қызметкерлері және шығыс филологиясы және аударма кафедрасының аға оқытушысы Ерғали Есбосынов, білім алушылар қатысты. Кітап табыстау рәсімі жекелеген кітаптардың авторлары туралы, жазылу тарихы мен мазмұны жайында қызықты баяндама, сұхбаттармен жалғасын тапты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу