қазақша · русский · english
 
 
 
05.04.2023

Талапкер-2023: «Мамандық - болашаққа бастар жол» офлайн-кездесу

 

2023 жылғы 4 сәуірде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылындағы Бөлек батыр атындағы мектептің 11-ші сынып оқушыларымен «Талапкер-2023» жобасын жүзеге асыру және кәсіби бағдар беру жұмысы аясында директор Г.Д. Жанпейсованың қатысуымен офлайн-кездесу өтті.

«Мамандық - болашаққа бастар жол» тақырыбындағы іс-шараны Филология институтының шығыс филологиясы және аударма кафедрасы ұйымдастырды. Оқушыларға Абай атындағы ҚазҰПУ туралы жалпы мәліметтер және университет құрылымындағы кафедра мамандықтары туралы толық ақпарат ұсынылып, презентациялар мен бейнежазбалар көрсетілді.

Кездесуге шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Н.Н. Қонқабаева және аға оқытушылар Ж. У.Сұлтанбаева, Ж. М. Елемесова, А. М. Алмабекова, А.С. Жұмабаева қатысып, университет және оның мамандықтары туралы толық мәлімет берді. Университеттің әлемдік нарықтағы жағдайы мен халықаралық байланыстары туралы ақпарат болашақ түлектердің қызығушылығын арттырды. Іс-шараны ұйымдастырушылар оқушылардың аударма қызметі, шығыс және шет тілдері, жалпы әлеуметтік жеңілдіктер және ҰБТ грантын ұтып алу мүмкіндіктері сияқты сұрақтарына толық жауаптар берді. Абай атындағы ҚазҰПУ-да оқуға ниет білдірген түлектер де бар және кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақты мамандық таңдауға дайындауға бағытталған маңызды міндет болып табылады.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу