қазақша · русский · english
 
 
 
10.04.2023

Т.Жүргеновтың қызметі туралы ғылыми семинар

 

2023 жылғы 7 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ғылым онкүндігі аясында Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының ұйымдастыруымен «Темірбек Жүргенов - көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, аудармашы, қазақ мәдениетінің негізін қалаушы» тақырыбында ғылыми семинар өтті.


Семинарға А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Тіл тарихы және түркология бөлімінің ғылыми қызметкері Мақсұтжан Аманжанұлы, ақын, аудармашы Қалампыр Қажығалиева, журналист аудармашы Шынар Әбілда, доцент, ф.ғ.к. Ерғали Зияханұлы, сондай-ақ кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, студенттер қатысты. Ғылыми семинарға шақырылған қонақтар Т. Жүргеновтің көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлігімен қатар, аудармашылық қызметіне де жан-жақты тоқталып қызықты деректермен бөлісті. Қазақстандағы аударматану ғылымының негізін салып кеткен алаш қайраткерлерінің еңбектеріне тоқталып, оқытушылар мен студенттер тарапынан келіп түскен сұрақтарға жауап берілді.

 

Іс-шара барысында «Аудармашы» мамандығына қазіргі қоғамдағы сұранысы мен орны туралы тәжірибелі аудармашылар өз ойларымен бөлісті.

 

Конференция соңында кафедра меңгерушісі Н. Н. Қонқабаева семинардың барлық қатысушыларына алғыс білдіріп, қонақтарға университет ректорынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

 

Семинарды кафедраның аға оқытушысы Н.Р. Шенгелбаева ұйымдастырды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу