қазақша · русский · english
 
 
 
21.04.2023

Педагогикалық емес мамандықтардың өндірістік іс-тәжірибе қорытынды конференциясы

 

Филология институтының оқу жоспарына сәйкес шығыс филологиясы және аударма кафедрасының мамандықтары «6В02302-Аударма ісі» 4 курс (4 жылдық), 3 курс (3 жылдық), «6B02210 - Шығыстану» 4 курс (4 жылдық), «6В02313-Шетел филологиясы: Шығыс (араб) тілі» 4 курс (4 жылдық) студенттерін 16.01.2023-08.04.2023 жж. аралығында, «6В02303-Аударма ісі» 1 курс (2 жылдық) ДОТ ЕЖБ (ВВ), «6В02303-Аударма ісі» 2 курс (3 жылдық) ДОТ (АЖБ) ССО және «6В01714-Ұйғыр тілі мен әдебиеті - қазақ тілі мен әдебиеті» (ВВО) (2 жылдық), 2 курс «6В01712 Ұйғыр тілі мен әдебиеті - Бастауыш білім беру» (ВВО) (2 жылдық), 2 курс «6В01714 Ұйғыр тілі және әдебиеті - қазақ тілі мен әдебиеті (ССО)» (3 жылдық), 2 курс «6В01712 -Ұйғыр тілі мен әдебиеті - Бастауыш білім беру» (ССО) 2 курс (3 жылдық) студенттерін 13.03.2023-08.04.2023 жж. және 13.03.2023-15.04.2023 жж. аралығында іс-тәжірибеден өту үшін Алматы қаласындағы бірқатар өндіріс және білім беру мекемелеріне жіберілді. Осы мамандықтар бойынша іс-тәжірибе қорытынды конференциясы оффлайн және онлайн форматта 2023 жылы 19 сәуірде өтті. Іс-тәжірибе қорытынды конференциясына кафедра меңгерушісі Н.Н.Қоңқабаева, кафедра бойынша іс-тәжірибеге жауапты аға оқытушы А.М.Алмабекова, әдіскер-оқытушылар - аға оқытушылар Н.Р.Шенгелбаева, Ш.Б.,Баратова, А.Н.Раева, Р.К.Оразова, А.М.Себдайырова, оқытушы Ұ.А. Ислямова және іс-тәжірибеге баратын студенттер қатысты. Конференция барысында әр топ жеке-жеке презентациямен келіп, іс-тәжірибе өту барысы, өткізіліген іс-шаралар бойынша есеп берді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу