қазақша · русский · english
 
 
 
25.04.2023

SCOPUS және WoS деректер базасына енгізілген басылымдарға мақалалар дайындау ерекшеліктері

 

2023 жылғы 21 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ-да Корейтану академиясының (Academy Korean Study) халықаралық грант аясындағы жеңіп алған үш дәрістің бірі өтті. Дәрісті Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінен шақырылған ВГГУ доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Ким Александр оқыды. Іс-шараны Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Конкабаева Н.Н. және магистр, оқытушы Нам Н.С. ұйымдастырды.

 

Бірінші дәріс «SCOPUS және WoS деректер базасына енгізілген басылымдарға мақалалар дайындау ерекшеліктері» тақырыбына арналды. Дәріске Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Жадыра Байназар, Филология институтының директоры Алуа Таңжарықова, шығыс филологиясы және аударма кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, сонымен қатар магистранттар мен бакалавр студенттері қатысты. SCOPUS және WOS үшін жарияланым тақырыбы үлкен қызығушылық тудырды, өйткені педагогиканың ғылыми дамуы мен Қазақстандағы ұлттық кадрлардың өсу шындығына сәйкес келеді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу