қазақша · русский · english
 
 
 
28.11.2023

Студенттік қатарға қабылдау

 

2023 жылдың 24 қарашасында Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының түрік тілі пәні оқытушылары түрік тілінде білім алатын 1 курс студенттерін «Студенттік қатарға қабылдау салтанаты» кешін ұйымдастырды. Түркиядағы «Ұстаздар күні» мейрамына тұспа-тұс келген мерекелік іс-шараны кафедра меңгерушісі Н.Н.Қонкабаева құттықтау сөзбен ашты. Филология институты директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары А.Ә.Найманбаев пен тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Ү.Әбдіқалықов қатысып, кафедра ұжымының университет деңгейіндегі орны мен маңызына тоқталып өтті. Түрік тілін таңдаушы студерттер сан жағынан қашанда басым көрсеткішке ие екендігін, түркиялық университеттермен тығыз байланыс орнағанын, студент пен магистранттардың академиялық ұтқырлық оқу бағдарламалары да осы елмен тығыз байланысты екендігін атап өтті.

 

Кафедараның қауымдасқан профессор м.а. Е.З.Есбосыновтың шақыруымен келген құрметті қонақтар арасында Түркі халықтарының Алматы қоры қоғамдық бірлестігінің төрағасы А. Дағдұран; қоғам қайраткері, қытайтанушы-түрколог профессор М.Оразбай болды. Олар университет басшылығы мен институттың оқытушы-профессор құрамын түркиялық ұстаздар күні мерекесімен құттықтады, студент қауымды білім мен ғылымға шақырып, түркі тілдері мен мәдениетінің тарихи ортақтастығын атап өтті.

 

Мерекелік іс-шара түрік тілі пәні аға оқытушылары Г. Сәтбай, Н.Х.Қоспағанбетова және оқытушы Д.М.Ашимованың белсенді араласуымен іске асты. Студенттер қатарына қабылданған «Ағылшын тілін меңгерген түрік тілі» мамандығының 25 студентіне «Әлем классиктері түрік тілінде» жинағы мен «Бастапқы деңгейдегі түрік тілі» оқулығы табыс етілді. Ал 3, 4 курс студенттерінің мәнерлеп оқу мен зияткерлік сайыстан үздік шыққандарына бағалы сыйлық табысталды. Соңынан барлық курс қатысуымен ұйымдастырылған концерттік бағдарлама орындалды, түрік ас мәзірі бойынша дайындалған шағын фуршет ұйымдастырылды.

 

  alt=  




Кері оралу