Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы | ![]()
26.02.2024
Қытай Жаңа жылына арналған мерекелік кеш
Бұл іс-шараның мақсаты қытай тілін үйренетін студенттерді қытай мәдениетімен тереңірек таныстыру болды. Осы орайда Аспан асты елінің әндері мен билерімен қатар қазақ әндері мен күйлері шырқалды, Қытайдың Жаңа жылы туралы презентация көрсетілді, ал «Chinese Place» студенттік клубының белсенділері, «6В01709-Ағылшын тілін меңгерген шығыс тілі мұғалімі» мамандығының 3-курс студенттері, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ҚХР Шао Синь қаласында білім алып келгендігі жөнінде, презентация көрсетіп, әңгімелеп берді. Сонымен қатар қытай халқының жаңа жыл мерекесіне арналған түрлі викториналық сұрақтары қойылып, жауабын дұрыс тапқан студенттерге сыйлықтар табысталды.
Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Н.Н. Конкабаева студенттер мен оқытушыларға құттықтау тілегін айтып, іс-шараға белсене қатысқан студенттерге алғысын білдірді. Студенттер мен оқытушылар арасында қытай тілін тереңдетіп оқытуға, студенттерді жақындастыруға бағытталған осындай форматтағы іс-шараларды жыл сайын өткізу жоспарлануда.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|