Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы | ![]()
12.11.2024
Корей тілінен конкурс өткізілді 2024 жылдың 8 қарашасында Абай атындығы ҚазҰПУ Филология факультеті «Екі шет тілі» және «Ағылшын меңгерген шығыс тілі мұғалімі» мамандығында корей тілін таңдаған 2-4 курс студенттері арасында сөйлеу мәнерінен сайыс өткізілді.
Студенттердің сөйлеу мәнерін тәуелсіз қазылар алқасы: Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігі жанындағы Корей білім беру орталығы директорының орынбасары - Пак Де Сон, Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ профессоры Чан Ходжон, «Ханин Ильбо» корей тілді газетінің бас редакторы және «Коре» мәдени орталығының директоры-Ким Сан Ук бағалады.
Жеңімпаздарға сертификаттар мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Барлық қатысушыларға сертификаттары мен естелік кәдесыйлар берілді.
Іс-шараны шығыс филологиясы және аударма кафедрасының корей тілі мұғалімдері - Нам Наталья, Пак Субин, Бурмистрова Елена және Құлтасов Мақсат ұйымдастырды. Ұйымдастырушылық қолдау көрсеткен филология факультетінің деканы Алуа Танжарықоваға және демеушілік көмек көрсеткен Кореяның білім беру орталығына алғыс білдіреміз.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|