Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы | ![]()
24.02.2025
Белгілі ғалым, аудармашы Қайрат Жаңабаевпен кездесу 2025 жылдың 21 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология факультеті шығыс филологиясы және аударма кафедрасы «6В02302-Аударма ісі» мамандығының студенттері белгілі ғалым, аудармашы Қайрат Жаңабаевпен кездесті. Кездесуді кафедра оқытушылары - ф.ғ.д., профессор А.Қ. Жұмабекова, ф.ғ.к., аға оқытушы Н.Р. Шенгелбаева, магистр, аға оқытушы У. Ақбердіқызы ұйымдастырды.
Кездесу барысында ғалым Қайрат Жаңабаев Махамбет, Мағжан шығармаларын өзге тілге аудару техникасы жайлы әңгімелеп, өз аудармашылық шығармашылығынан үзінділер оқыды. Кездесу соңында кафедра меңгерушісі Қ.Т. Дүйсенова аудармашы, ғалым Қ.Жаңабевқа жылы лебізін білдіріп, факультет атынан естелік сыйлық табыстады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|