Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы | ![]()
28.02.2025
Ғылыми және оқу аудармасының сапасын бағалау бойынша ғылыми-әдістемелік семинар 2025 жылдың 28 ақпанында AP19680449 «Аударма сапасын бағалау: ғылыми және білім беру салалары» ғылыми жобасының күнтізбелік жоспарына сәйкес жобаға қатысушылар Абай атындағы ҚазҰПУ-дың шығыс филологиясы және аударма кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы үшін ғылыми-әдістемелік семинар өткізді.
Семинарда Филология факультеті шығыс филологиясы және аударма кафедрасының оқытушылары баяндама жасады: ф.ғ.д., профессор А.Қ. Жұмабекова (ғылыми жетекші), А.З.Мұхитов (ғылыми қызметкер).
Семинардың мақсаты - жоғарыда аталған кафедра оқытушыларын ағылшын және орыс тілдерінен қазақ тіліне аударылған бес филология оқулығының аударма сапасына жүргізілген ішкі және сыртқы бағалау нәтижелерімен таныстыру. Семинарға қатысушылар мамандықтары шет тілдерін оқу және оқытуымен байланысты студенттерді, магистранттарды және докторанттарды оқытуда қолдануға болатын ғылыми және білім беру салаларындағы аударма сапасын бағалау алгоритмдерімен таныстырылды.
Оқытушылар баяндамашыларды үлкен қызығушылықпен тыңдап, көптеген сұрақтар қойып, нақты нұсқаулар алды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|