Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы | ![]()
17.03.2025
Абай университетінде белгілі шығыстанушы, ағартушы Санжар Керімбаймен кездесу өтті 2025 жылдың 14 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология факультеті шығыс филологиясы және аударма кафедрасының оқытушылары - ф.ғ.к., профессор К.Х. Абдрахманова және ф.ғ.к., аға оқытушы Э.Ж.Қансейтова «Ислам мәдениетіндегі гуманистік тәрбие» тақырыбында шығыстанушы, жазушы Санжар Керімбаймен кездесу ұйымдастырды.
Санжар Керімбай өмірлік тәжірибесінен қарапайым мысалдар келтіре отырып студенттердің қойған сұрақтарына жауап берді. Атақты психолог Виктор Франклдің өмірі мен оның ұсынған ілімі - логотерапия жайлы әңгіме қозғады. Ақпараттық-технологиялардың дамыған заманында адам баласына әкелген әртүрлі әлеуметтік стресс, торығулар мен күйзелістерге ұшыраған жастарға мұндай қиындықтан шығудың бірден-бір жолы ұлттық-дәстүрлі тәрбиеде жатқанын нақты мысалдар келтіре отырып түсіндірді.
Іс-шара соңында шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Қ.Т. Дүйсенова қонаққа өзінің жылы лебізін білдіре отырып, келешекте жастардың мәселесін көтеретін жақсы туындылар жазуына тілектес екенін айтты және қатысушыларға алғысын білдірді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|