қазақша · русский · english
 
 
 
17.03.2025

«Дәстүрлі мұра жаңғырығы» тәрбие жұмысы


2025 жылғы 14 наурызда Абай атындағы ҚазҰПУ Филология факультеті шығыс филологиясы және аударма кафедрасының аға оқытушысы, PhD-доктор А.Абуова және аға оқытушы Р. Оразова түрік және араб тілінен білім алып жатқан студенттер арасында жоспарлы «Дәстүрлі мұра жаңғырығы» атты тәрбие жұмысын ұйымдастырды.

 

Студенттер сондай-ақ осы шараның жалғасы ретінде «Домбыра - достықтың жаршысы» атты концерттік бағдарламаға қатысып қайтты. А. Жұбанов атындағы Камералық залда өткен концерттік бағдарламаны Халық музыкасы факультеті домбыра кафедрасының аға оқытушысы Динара Нұрбаева ұйымдастырды. Іс-шара Наурыз мерекесі аясындағы «Көрісу күнімен» тұспа-тұс келгендіктен, доктор А.Т. Абуова студенттерге Наурыз мерекесі туралы, мерекенің халықтық сипаты мен тәрбиелік мәні туралы шағын дискурс ұйымдастырды. Аға оқытушы Р.Оразова қазақи «Көрісу күнінің» тәрбиелік мәнінің зор екендігін, мұндай ұлттық салт-дәстүр жастарды ізгілік пен қайырымдылыққа, мейірімділікке тәрбиелейтіндігін атап өтті.

 

Іс-шара жиналысы пен концерттік бағдарлама бір-бірімен үндестік тауып қатысушылардың үлкен қызығушылығына ие болды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу