қазақша · русский · english
 
 
 
17.03.2025

Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы филиалының ашылуы


2025 жылдың 14 наурызында «Elit School» мектеп-гимназиясында білім беру аясында ынтымақтастық, ғылыми-әдістемелік және практикалық байланыс орнату мақсатында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология факультеті шығыс филологиясы және аударма кафедрасының ұйымдастыруымен кафедра филиалы ашылды.


Іс-шараға Elit School мектеп-гимназиясының директоры Ж. Сейсембаева, мектеп мұғалімдері мен оқушылары, шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі К.Дүйсенова, ф.ғ.к., профессор К. Абдрахманова, ф.ғ.к., аға оқытушы Э.Кансейтова және аға оқытушы Д.Ашимова қатысты.


Филиалдың негізгі міндеті - шығыс және батыс тілдерінің лингвистикалық әдістемесі мен өзекті мәселелері бойынша әдістемелік-педагогикалық семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру, өткізуге көмек көрсету және әдістемелік көмек көрсету болып табылады. Алдағы уақытта осы мектеп базасында Абай атындағы ҚазҰПУ студенттерімен жыл сайын тілдік пәндер бойынша педагогикалық тәжірибе өткізу де жоспарлануда.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу