қазақша · русский · english
 
 
 
18.03.2025

Береке мен бірлік мейрамы


2025 жылдың 17 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология факультеті шығыс филологиясы және аударма кафедрасында «Күміс университет» тыңдаушыларына арналған «Береке мен бірлік мейрамы» атты іс-шара өтті.

 

Наурыз мерекесіне, соның ішінде 17 наурыз - Шаңырақ күніне және мұсылмандардың қасиетті ораза айына орайластырылған мерекелік шара қатысушыларға тамаша көңіл-күй сыйлады.

 

Бағдарлама бойынша ораза мен наурыз туралы презентациялар, 4-курс студенттерінің қазақ және араб тілдерінде шырқалған әндері, викториналық ойындар зейнеткер жасындағы тыңдаушылардың көңілінен шығып, өз ризашылықтарын білдірді. Іс-шараға кафедра меңгерушісі Қарақат Дүйсенова қатысып, игі тілегін білдірді. Шара соңында тыңдаушылар мен студенттердің өзара қолдауымен кафедрада ауызашар берілді.

 

Игі істер бастамасы наурыз бойы жалғаса беретініне сенеміз.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу