қазақша · русский · english
 
 
 
27.03.2025

«Түркітану мәселесі: Шетелдерде ұйғыр тілінің зерттелуі» онлайн семинары


2025 жылдың 22 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология факультеті шығыс филологиясы және аударма кафедрасы «6В01707- Ұйғыр тілі мен әдебиеті-ағылшын тілі» мамандығының студенттері белгілі шетелдік ғалымдар - PhD, профессор Гүлнар Әзиз Юлғун (Гарвард университеті, АҚШ), PhD Мәғпирәт Камал (Байкент университеті, Түркійе), PhD Абләт Сәмәтпен (Һёттинген университеті, Германия) «Түркітану мәселесі: Шетелдерде ұйғыр тілінің зерттелуі» тақырыбында онлайн семинар өткізді.


Семинарды кафедра оқытушылары - ф.ғ.к., доцент Р.У. Арзиев пен ф.ғ.к., аға оқытушы Х.В. Масимова ұйымдастырды. Семинарға ұйғыр ғалымдары және мектеп мұғалімдері қатысты.


Семинар барысында ғалымдар АҚШ, Түркійе, Германия мемлекеттеріндегі түркітану мәселелері, әсіресе ұйғыртану мәселесі бойынша жүргізіліп жатқан зерттеулер туралы кең түрінде баяндады.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу