қазақша · русский · english
 
 
 
17.04.2025

Американдық спикердің онлайн дәрісі

 

Ғылым онкүндігі аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың шығыс филологиясы және аудармасы кафедрасы 2025 жылдың 11 сәуірінде Алматы тостмастерлер клубының негізін қалаушы Том Барткоскемен (Tom Bartkoske, АҚШ) кездесу ұйымдастырды. Том Барткоске кафедра оқытушылары мен студенттеріне «Көпшілік алдында сөйлеу және қостілділік» ("Public Speaking and dual-linguistics") тақырыбында онлайн дәрісі оқыды.


Онлайн кездесуге Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті университетінің оқытушылары да қатысты. Дәріс интерактивті формада ұйымдастырылды.


Том Барткоске жергілікті кәсіпорындар мен ірі компанияларға көшбасшылықты дамыту бойынша семинарлар өткізіп, кеңес береді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу